Нысан ауызсудың сапасын арттырып, қаланың оңтүстік бөлігін сумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, электр энергиясын және су көздерін пайдалануды азайтады.
Станция толық автоматтандырылған, тәулігіне 125 мың текше метр су сүзгіден өткізіледі.
«Алматылықтарды сапалы сумен қамтамасыз ету үшін қалада бірқатар шаралар жүзеге асуда. Соңғы жылдары бұл іске 30 миллиард теңге бөлінді. Осы бағыттағы атқарылған жұмыстар нәтижесінде апат 1,5 есеге, су шығыны екі есеге азайды», - деп атап өтті шаһар басшысы Ахметжан Есімов.
Шара соңында Алматы әкімі «Алматы Су» МҚК-ға қызметтік 15 жаңа көліктің кілтін табыстады.