Қарағандыда «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер күндері өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер күндері өтуде

25.12.2014
Қарағандыда «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер күндері өтуде

25-26 желтоқсан күндері Қарағанды қаласындағы «Сарыжайлау» кинотеатрында Шəкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ ұйымдастыруымен «Ғасырлар аңсаған азаттық» атты деректі фильмдер күндері өтуде.  

Шара  режиссер Оңдасын Тастановтың «Ұлытау төрінде» фильмімен басталды. Картинаның сценарийін танымал өнертанушы Ерлан Төлеутай жазған.  Сонымен қатар, бүгін көрерменге «Сəкен сері» фильмі де көрсетілді.  Режиссері – Сəкеннің туған інісі Орал Жүнісов.

Ал, 26 желтоқсан күні көрермен назарына Болат Нүсімбековтің «Шəкен Айманов: аңыз адам» және  Ерлан Төлеутайдың «Мәди» фильмдері ұсынылады.  

Фото: Мирас Асанның Фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды

Хабарламаларға жазылу