Қарағандыда жастарға «Қайнар» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда жастарға «Қайнар» сыйлығы табысталды

25.12.2014
Қарағандыда жастарға «Қайнар» сыйлығы табысталды

Сыйлықты табыстау рәсімі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жолдауы жолданған жылы, айтулы оқиғалар мен мерейтойлар қарсаңында ұсынылуы тегін емес,- деді аймақ басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков шараның ашылуында.

«Қайнар» жастар сыйлығы 2005 жылы бекітілген. Ол жастар арасында жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық және кәсіби еңбегімен танылған облыстың 14 пен 29 жас аралығындағы азаматтарына табысталады.

Бүгінде «Қайнар» жастар сыйлығын 100-ге таяу иегерлері анықталған. Аталым бойынша жеңімпаз болғандар:

«Жылдың жас көшбасшысы» - Жетпісбаев Нұржан, ҚОФ «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы;

«Жастардың үздік ресурстық орталығы» - Шет ауданы жастармен жұмыс орталығы, Сәтбаев қаласындағы жастармен жұмыс ресурстық орталығы;

«Жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін» - Біржан Әлімжанов «Қарағанды қаласы жастарымен жұмыс орталығы» директоры;

«Жас жұмысшы» - Михайликов Игорь «ArcelorMittal Temirtay» ҚҰ еңбеккері;

«Үздік мәдени қызметкер» - Окшиева Рауан, Жезқазған қаласы С.Қожамқұлов атындағы музыкалық-драма театрының әртісі;

«Отан қорғаушысы» - Әбдікаримов Асқар, ҰҚКД-нің Қарағанды облысы бойынша аға оперативтік уәкілі;

«Үздік аула клубы» - «Жас түлектер», Қарқаралы қ.

«Үздік жас мұғалім» - Кауров Станислав, «Мұрагер»;

«Жас медицина қызметкері» - Остер Анатоли, профессор Х.К. Макажанов атындағы облыстық травмотологиялық және ортопедиялық орталық.

Жиын соңында аймақ басшысы жүлдегерлерді жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы.

 

Хабарламаларға жазылу