Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдемесі.
Ұлттық валютаның экономикадағы рөлін арттыру мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
1) теңгедегі жинақтарды ынталандыру мақсатында салымшыларға кепілдік берілетін, «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ теңгедегі депозиттер бойынша төлейтін сомасы капиталдандыруды ұлғайта отырып, 5 млн. теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғайтылады;
2) халықтың доллардағы кепілдік берілетін депозиттері бойынша ұсыным берілетін сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшері жылдық 4 %-дан 3%-ға дейін төмендетіледі;
3) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын шартты бірліктермен белгілеуге тыйым салынады.