Астана мен Қызылорда қалалары арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана мен Қызылорда қалалары арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

24.12.2014
Астана мен Қызылорда қалалары арасында жаңа жүрдек пойыз қатынайды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жолаушылардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында 2014 жылдың 29 желтоқсанынан бастап «Тұлпар-Тальго» вагондарынан жасақталған «Астана-Қызылорда» бағытындағы №89/90 жолаушылар пойызын жіберетіні жайлы хабарлады. Құрам 4 күнде бір рет қатынайды.

Пойыз 23 вагоннан тұрады, оның ішінде 2 - «Бизнес», 2 - «Гранд», 14 - «Турист», 2 вагон ресторан және 3 техникалық вагон бар.

Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл, Шымкент, Арыс-2, Түркістан станцияларына аялдайды. Қызылордаға дейінгі жол 22 сағат 25 минутты, қайтар жол 23 сағат 22 минутты құрайды.

 

Хабарламаларға жазылу