Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

24.12.2014
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиевті туған күнімен құттықтады

«Туған күніңізге орай менің құттықтау сөздерімді қабыл алыңыз. Әзірбайжан Республикасын дамыту ісіндегі Сіздің талпыныстарыңызды, іскерлігіңізді жоғары бағалаймын», - делінген Әзірбайжан Президентінің сайтына орналастырылған құттықтау мәтінінде.

«Екі мемлекет арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар аясының кеңеюі соған дәлел»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті Ильхам Әлиевке мықты денсаулық, жаңа жетістіктерге қол жеткізуін, ал Әзірбайжан халқына бейбітшілік пен өркендеуді тіледі.

Айта кетейік, 24 желтоқсанда И.Әлиев 53 жасқа толды.

Хабарламаларға жазылу