Грекия Парламенті екінші рет ел президентін сайлай алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия Парламенті екінші рет ел президентін сайлай алмады

23.12.2014
Грекия Парламенті екінші рет ел президентін сайлай алмады

Сондықтан 29 желтоқсанда ел Парламенті президент сайлауының 3-ші кезеңін өткізеді.  

Екінші кезеңде Ставрос Димас 168 дауыс жинаған. Бұл бірінші кезеңнен 8 дауысқа көп, алайда жеңіске жету үшін Парламент депутаттарының 200 дауысы қажет.

Сайлау заңына сәйкес, енді Ставрос Димасқа ел президенті атану үшін 180 депутаттың дауысы жеткілікті.

Егер президент үшінші кезеңде де анықталмаса, Грекия Парламенті таратылып, елде кезектен тыс сайлау өтеді.

Хабарламаларға жазылу