Ермек Көшербаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ермек Көшербаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

23.12.2014
Ермек Көшербаев Ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа вице-министр болып Ермек Беделбайұлы Көшербаев тағайындалды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ермек Көшербаев 1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих мамандығын және КСРО СІМ дипломатиялық академиясын бітірген.

Әр жылдарда Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде, ҚР Үкіметінде, «Нұр Отан» ХДП, «ҚазМұнайГаз» АҚ-да түрлі қызмет атқарған.

Сондай-ақ, «Ертіс» ӘКК» ҰК басқарма төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Хабарламаларға жазылу