Жанар Байсемізова «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының иегері атанды (ФОТО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жанар Байсемізова «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының иегері атанды (ФОТО)

19.12.2014
Жанар Байсемізова «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының иегері атанды (ФОТО)

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында көрсетілген «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының авторы, жүргізуші Жанар Байсемізова «Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының «Ұшқыр ойлы тележурналист» аталымы бойынша жеңімпазы атанды.

«Халықтың сүйіктісі болу зор мәртебе! Мен «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының басшылығына, әріптестеріме, ұжымыма үлкен рахметімді айтамын!», - деді Жанар Байсемізова.

«Халықтың сүйіктісі» сыйлығының жеңімпаздары дауыс беру арқылы анықталған. Оған қазақстандықтармен қатар, АҚШ, Канада, Украина, Қырғыз Республикасы және Еуропа елдерінің азаматтары қатысқан.

«Шетелдегі қазақ балалары» жобасының негізгі мақсаты - шет мемлекеттерге кеткен қазақстандық балалардың тағдырына қоғам назарын аудару. Әр хабарда балалардың қазіргі өмір сүру ортасы, тағдырлары, тұрмыс деңгейі жан-жақты баяндалады. 

Хабарламаларға жазылу