Жеделхатта жазықсыз жандардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының терең күйзеліспен қабылдағаны айтылған.
«Қазақстан барша әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлкен қауіп төндіріп отырған халықаралық экстремизм мен терроризмнің іс-әрекеттерін үзілді-кесілді айыптайды.
Пешавардағы жантүршігерлік оқиға радикалды топтарға өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады», делінген жеделхатта.
Қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ, бүкіл Пәкістан халқына Қазақстан халқының және жеке өз атынан көңіл айтқан Нұрсұлтан Назарбаев террорлық әрекеттен жапа шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.
akorda.kz