«Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмі көрерменге жол тартады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмі көрерменге жол тартады

18.12.2014
«Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмі көрерменге жол тартады

Жақында «Dala Cinema» продюсерлік орталығының алғашқы жобасы - «Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмі көрерменге жол тартады. Бұл туралы туындының тұсаукесеріне арналған баспасөз мәслихатында белгілі болды. 

Картинада махаббат пен өмірге деген арпалыс суреттеледі. «Көркем фильмнің мақсаты Сыр өңірінде киноиндустрияны дамыту, сондай-ақ, аймақтың мәдениеті мен өнер саласына қанат қаққан талантты жастарына жол көрсету»,-дейді орталықтың директоры әрі фильмнің продюсері Қайрат Сағынаев.

Фильмді  түсіруге  жергілікті мамандар мен студенттер тартылған. Басты рөлдерді - облыстық Н.Бекежанов атындағы музыкалық-драма театрының актері Данияр Сабыров және «Болашақ» университетінің студенті Әлия Ермаханова ойнайды. 

«Кем дүние» қысқаметражды көркем фильмінің тұсаукесері желтоқсан айының соңғы күндеріне жоспарланып отыр. 

Хабарламаларға жазылу