Жыл сайын қыстың алғашқы аязымен Ақтауға аққулар ұшып келеді. Қала тұрғындары демалыс күндері нәзіктік пен сұлулықтың символы – аққуларды тамашалауды әдетке айналдырған.
Экологтардың айтуынша, 70 жылдардың ортасында Каспий жағалауында аққудың жұбы ғана қыстап қалған екен. Ал, қазір олардың қатары көбейіп келеді, деп хабарлайды lada.kz.