Марат Тәжин қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Марат Тәжин қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдерімен кездесті

18.12.2014
Марат Тәжин қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдерімен кездесті

ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тәжин қазақстандық және ресейлік  жетекші БАҚ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесуде «Қазақстан» РТРК, Қазақ радиосы, «Радио России» мен «Россия сегодня» ХАА, «Егемен Қазақстан», «Аргументы и факты», «Комсомольская правда», «Новые известия», «Коммерсант», «Огонек» сияқты ақпарат құралдарының өкілдері болды.

БАҚ өкілдерінің алдында сөз сөйлеген ҚР Ресейдегі дипломатиялық миссиясының басшысы қазақстандық-ресейлік ақпараттық саладағы қарым-қатынастардың дамып отырған интеграциялық үдерістер алдындағы маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, «Қазақстандық-ресейлік ақпараттық саладағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесі үшін» Алғыс дипломдары тапсырылды.

Марапатталғандардың қатарында «Қазақстан»РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова, «Независимая газета» шолушысы Виктория Панфилова, «Вести» телеарнасының шолушысы Андрей Кондрашов, «Огонек» журналы бас редакторының орынбасары Дмитрий Сабов, «АиФ-Қазақстан» газетінің бас редакторы Сергей Кузовников, «Егемен Қазақстан» газетінің шолушысы Самрат Жақсыбай бар.

 

Хабарламаларға жазылу