Еліміздің бас газеті 95 жаста! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бас газеті 95 жаста!

17.12.2014
Еліміздің бас газеті 95 жаста!

Қазақ баспасөзінің қарашаңырағы, еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанға» - 95 жыл. Тұңғыш нөмірі 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынборда жарық көрген ел газетінің елеулі орны қашанда ел жадында.

«Зымырап бара жатқан уақыт. Күні кеше ғана Елбасымыз өзі келіп, осы 8 қабатты ғимаратты ашып бергені, ардагерлерді құттықтаған-ды. 95 жылдығын атап өткелі отырған газеттің мерекесі – жалпы қазақтың мерекесі. Өйткені, «Егемен Қазақстан» елдің сөзін сөйлейтін еліміздің бас газеті»,-дейді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов.

Ғасырға жуық тағылымды тарихы бар бас басылымның басшыларын айтпай кету мүмкін емес. «Ұшқынның» бас редакторы – Халел Есенбаев болған. Қиын қыстау кезеңде де ұлағатшыл үрдісінен, мемлекетшіл мінезінен таймаған, ұлттық рухани жанашыры болған аға басылымның тізгінін Бернияз Күлеев, Смағұл Сәдуақасов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ғабит Мүсірепов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сынды дара саңлақтар ұстаған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу