Қазақ радиосының қызметкері «Құрмет» орденін иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ радиосының қызметкері «Құрмет» орденін иеленді

15.12.2014
Қазақ радиосының қызметкері «Құрмет» орденін иеленді

ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақ радиосының «Әдеби-саз» бағдарламалар редакциясының жетекшісі Ләззат Қапышева «Құрмет» орденінің иегері атанды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы басшылығы Ләззат Мейрамханқызын құттықтады.

Біздің анықтама:

Ләззат Қапышева 1960 жылы 23 тамызда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

1977-1982 жылдары Торғай облысы, Амангелді аудандық «Тың шұғыласы» газетінде радиохабарларды ұйымдастырушы, 1982-1983 жылы Алматы облысы, Күрті аудандық «Шұғыла» газетінде радиохабарларды ұйымдастырушы, 1984-1986 жылдары Республикалық телерадио мемлекеттік комитетінде әкімші, режиссердің көмекшісі, бағдарлама бөлімінің редакторы болды.

1986-1990 жылдары Қазақ теледидарының «Балалар мен жастар» редакциясында «Кел, балалар, оқылық!», «Ізбасар» бағдарламасының жүргізушісі, 1990-1998 жылдары Қазақ теледидарының қоғамдық-саяси бас редакциясында «Сырласу» авторлық бағдарламасының жүргізушісі, 1998-2001 жылдары «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Астана» студиясының редактор-комментаторы, «Отандастар», «Көзқарас», «Жаңарынан үзілген балапан жас» хабарларының авторы әрі жүргізушісі болып, қызмет етті.

2006-2008 жылдары Қазақ радиосының «Қайырлы таң, Қазақ елі!» таңғы бағдарламалар жетекшісі, 2008-2010 жылдары Қазақ радиосы бас редакторының орынбасары болды.

2011 жылдан бастап, «Әдеби-саз» бағдарламалар редакциясының жетекшісі.

Хабарламаларға жазылу