«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Гүлнәр Сейітжанқызы Салықбаеваны құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Гүлнәр Сейітжанқызы Салықбаеваны құттықтады

15.12.2014
«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы Гүлнәр Сейітжанқызы Салықбаеваны құттықтады

Бұл марапат Гүлнәр Сейітжанқызына «Кешіріңдер келгенімді өмірге» атты өлеңдер жинағы үшін берілді.

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымы басшылығы ақынның әдебиет саласындағы жетістігімен құттықтады.

Біздің анықтама:

Гүлнәр Сейітжанқызы Салықбаева 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Жамбыл ауылында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1986 жылы бітірген.

«Қазақ әдебиеті» газетінде, «Арай» — «Заря» журналында, Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында қызмет істеді.

«Атамұра» баспасында редактор, «Алаш» баспасында бас редактор, «Қазақстан» телерадио кешенінде «Жан» бірлестігінің жетекшісі болды.

Қазір «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Алматы қаласындағы филиалының бас редакторы.

«Бір жұтым ауа, қызыл күн», «Жан»,  «М.Цветаева» кітаптарының авторы.

Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың, Қазақстан Республикасы Жастар одағы сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. Абайдың 150 жылдық мерейтойына арналған мүшәйраның жүлдегері.

Хабарламаларға жазылу