Құжат Қытай Халық Республикасы Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның Қазақстанға сапары аясында қабылданды.
Меморандумға қол қою рәсіміне «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі»АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев пен Қытай Экспорттық-импорттық банкінің вице-президенті Юань Синьён қатысты.
Қор капиталы 500 миллион долларды құрайды. Ол Қазақстан экономикасының өнеркәсіп, энергетика, логистика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технология бағыттарын қаржыландырмақ.