Павлодар облысында төрт мектептің құрылысына қаржы бөлінбек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында төрт мектептің құрылысына қаржы бөлінбек

15.12.2014
Павлодар облысында төрт мектептің құрылысына қаржы бөлінбек

Келер жылы Павлодар облысында қосымша төрт мектеп салу үшін республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінеді деп жоспарланған. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Талғат Шәріпов облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ведомство басшысының айтуынша, жаңа білім беру нысандары Ақсу қаласының Қалқаман ауылында, облыс орталығына қарасты Кенжекөл елді мекенінде, Екібастұз және Павлодар шаһарларында бой көтермек.
 Талғат Шәріпов облыстың білім беру жүйесін дамытуға, нақтырақ айтсақ «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3,5 млрд. теңге бөлінетінін жеткізді. Ал, өңір мектептері мен колледждер игілігіне 200 млн. теңге қарастырылмақ. Бұл қаражатқа оқу-өндірістік шеберханалар мен зертханаларға қажетті құралдар сатып алынады деп күтілуде.
Сондай-ақ, 860,7 млн. теңге білім берудің үш деңгейлік жүйесі бойынша біліктіліктерін арттырған мұғалімдердің жалақысын көтеруге,116,4 млн. теңге колледж студенттерінің стипендияларын арттыруға жұмсалмақ.

"Республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен мектеп құрылысына бөлінген қаржыны есептемегенде 2015 жылғы облыстық бюджетте  8,5 млн. теңге қарастырылған. 20,9 млн. теңге орта мектептердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға арналған", - дейді Талғат Шәріпов.

Хабарламаларға жазылу