Астанада «Достық бар жерде табыс бар» балалар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Достық бар жерде табыс бар» балалар фестивалі өтті

13.12.2014
Астанада «Достық бар жерде табыс бар» балалар фестивалі өтті

«ҚазТрансГаз» АҚ ұйымдастырған шараға Астанадағы балалар үйі, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 200-ден аса бүлдіршін қатысты.

Кішкентай балаларға «ҚазТрансГаз» АҚ қызметкерлерінің балалары концерт қойып, оларға өнер көрсетті. Кештен кейін балаларға тәтті тағамдардан үстел жасалды.

«Мақсатымыз – балаларға жас кезінен бастап Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш ұялату. Олардың басын қосып, меркелік шаралар ұйымдастыру арқылы достық, татулық пен бірлікте өмір сүруге баулу», дейді ұйымдастырушылар.

Хабарламаларға жазылу