«Мирас» халықаралық мектебі 15 жылдығын атап өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мирас» халықаралық мектебі 15 жылдығын атап өтеді

11.12.2014
«Мирас» халықаралық мектебі  15 жылдығын атап өтеді

12 желтоқсан күні Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебі  15 жылдығын атап өтеді.  Мерекені тойлау шеңберінде студенттік кеңес ұйымдастырған салтанатты концерт, мектеп оқушылары еңбектерінің көрмесі мен түрлі акциялар өткізіледі.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қоры 1999 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында алғашқы болып Астана қаласының халықаралық инновациялық «Мирас» мектебін ашты.

«Мирас» халықаралық мектебі  «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім Қоры» қоғамдық қорының филиалы. Мектеп оқытудың бастауыш (РУР), негізгі (МУР) және жоғарғы (DP) деңгейлерінің бағдарламалары бойынша Халықаралық бакалавриат ұйымының авторизациясынан, халықаралық білім беру ұйымдарының: Жаңа Англия Мектептері мен Колледждері Ассоциациясының (NEASС – New England Association of Schools and Colleges), Халықаралық Мектептер Кеңесінің (CIS – Council of International Schools) аккредитациясынан өткен.

Мектеп оқыту және IGCSE (International General Certificate of Secondary Education – орта білім туралы халықаралық сертификат) емтиханына дайындау құқығына ие болу үшін Кембридж университетінің аккредитациясынан өтті, ЮНЕСКО-ның Ассоциациялық мектебі саналады.

Мектеп осы жылдар ішінде халықаралық мектептің білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және дамытудағы инновациялық тәсілдерді өмірге әкелетін және сыннан өткізетін, кіріктірілген оқу жоспарларында, стандарттарында, бағдарламаларында, тәрбие жұмысының тұжырымдамасында көрініс табатын нағыз шығармашылық зертханасына айналды. Мектеп базасында республика және қала мұғалімдері үшін ғылыми-әдістемелік семинарлар, конференциялар, сондай-ақ, ашық есік күндері, мамандық жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Мектеп өмірі қызықты оқиғаларға толы, мұнда дәстүрге айналған, студенттерге өз қабілеттері мен жетістіктерін көрсетуге мүмкіндік беретін зияткерлік, спорттық жарыстар мен ассамблеялар өткізілуде. Оқушылар қатарында қалалық, республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен сайыстардың жеңімпаздары да бар. Мектеп студенттері көшбасшылық дағдыларды дамыту бойынша халықаралық конференцияларға қатысуда.

Хабарламаларға жазылу