Бұл туралы бүгін Сенат отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
«Салынған тұрғын үйлердің шамамен 50 пайызы жас отбасыларға беріледі. Осыған орай, жаңа талаптар да қарастырылып жатыр.
Егер бүгінде «Тұрғынүйжинақбанкі» бағдарламасы арқылы 29 жас белгіленген болса, біз бұл межені 35-ке дейін көтеруді қарастырудамыз», - деді вице-министр.
Оның айтуынша, бағдарлама жыл соңына дейін қабылданады.