Серік Сейітман «Әдебиет саласындағы жетістіктері үшін» марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Сейітман «Әдебиет саласындағы жетістіктері үшін» марапатталды

10.12.2014
Серік Сейітман «Әдебиет саласындағы жетістіктері үшін» марапатталды

Сыйлықтар 7 аталым бойынша берілді.  

Байқаудың «Әдебиет саласындағы жетістіктері үшін» аталымы бойынша «Шалқар» ұлттық радиосының бас редакторы, ақын  Серік Сейітман марапатталды.

 «Жас тұлпар» отандық патриотизмнің дамуына үлес қосқан жас таланттардың белсенділігін қолдауға бағытталған.

Биылғы жылғы байқауға  еліміздің барлық өңірінен 230 өтініш келіп түскен. Әрбір аталым бойынша 1 миллион теңге мөлшерінде сыйақы белгіленді.

Біздің анықтама:

Серік Сейітман 1982 жылы 6 қаңтарда дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің филология факультетін, сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын тәмамдаған.

2006 жылдың қаңтарынан Қазақ радиосында редактор-жүргізуші, «Руханият» бас редакциясы бас редакторының орынбасары, «Әдеби-саз» редакциясының шолушысы қызметтерін атқарып келді. 2014 жылдың ақпан айынан бастап, «Шалқар» радиосының бас редакторы қызметінде.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің І дәрежелі лауреаты; Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты; 2007 жылы Баянауылда өткен жас қаламгерлердің республикалық тұңғыш форумында Көтеш Райымбекұлы атындағы сыйлыққа ие болған.

«Қырсық қызға қолтаңба» (2006 ж.), «Қазақтың қаны» (2010 ж.), «Қара шаңырақ» (2014 ж.) еңбектерінің авторы.

 



 

Хабарламаларға жазылу