Экстремизм мен лаңкестік насихатына қарсы қоғамға иммунитет қажет - М. Әзілханов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экстремизм мен лаңкестік насихатына қарсы қоғамға иммунитет қажет - М. Әзілханов

10.12.2014
Экстремизм мен лаңкестік насихатына қарсы қоғамға иммунитет қажет - М. Әзілханов

Таяу Шығыстың экстремистері мен лаңкестері идеяларына қарсы қоғамдық сана-сезімде иммунитетті қалыптастыру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан дінтанушыларының VI форумында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі  Марат Әзілханов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұның кері әсері елімізге де қауіп тудыруы мүмкін», - дейді вице-министр.

М. Әзілхановтің сөзіне қарағанда, әлемнің бірқатар жеріндегі экстремизм мен лаңкестік белгілері бізге ақпараттық және идеологиялық ықпал етуде. Мұның салдарынан кейбір азаматтар қандай да бір экстремистік акцияларға қатысуға талпынып, ондағы соғысып жүргендердің қатарына қосылу үшін ел аумағынан шығуға тырысуда.

Осы орайда ол Сирия мен Ирактағы жағдай Қазақстан азаматтарына ақпараттық-идеологиялық тұрғыда өте қатты әсер етіп отырғанын айтты. «Мұндай жағдайда біз жай ғана бақылап тұра алмайтынымыз анық. Дінді жамылып экстермизм мен лаңкестік әрекеттері - бұл барша әлемдегі басты тақырыпқа айналып отыр», - деді вице-министр.

Хабарламаларға жазылу