Нобель сыйлығы математиктерге неге берілмейді? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нобель сыйлығы математиктерге неге берілмейді?

10.12.2014
Нобель сыйлығы математиктерге неге берілмейді?

Бүгін – атақты динамит королі  Альфред Нобельдің дүниеден өткен күні. Өлімнен қатты қорыққан Нобель бірде француз газетінен өзінің қазасы туралы суық хабарды оқып, қатты күйзеледі.  Себебі, репортерлер оны жарылғыш зат ойлап тапқан жауыз ретінде бейнелеген. 

Ол осы күннен бастап ел жадында өзінің есімін қалдыруды көздейді. Сөйтіп, бар байлығын, миллиардтаған қазынасын арнайы қорға аударып, 1895 жылы 27 қарашада төрт адамның куәлігімен Парижде Нобель сыйлығының құжаттарына заңды түрде қол қояды.

Міне, содан бері Швецияда ірі ғылыми жаңалықтарға, мәдениет саласына, қоғамның дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаларға Нобель сыйлығы табыс етіледі. Бір қызығы, бұл мәртебе ғылымның төресі саналатын математиктерге берілмейді. Неге?

Нобель жеке өмірінде жолы болмаған жандардың бірі. Ол 17 жасында Анна Дезер есімді сұлуға ессіз ғашық болады. Алайда, Анна химик Альфредпен емес, математик жігітпен қол ұстасып кетеді. Ғашығының бұл әрекетін кешіре алмағандықтан, күні бүгінге дейін Нобель сыйлығы математиктерге берілмейді.

Ғалымның мейіріміне бөленген жандар қаншама. Ол өзінің үй күтушісі тұрмысқа шыққанда, «тойыңа не сыйлайын», деп сұрайды.  Күтушісі де еш қысылмастан: «маған өзіңіздің бір күндік жалақыңызды берсеңіз болды»,-деген. Ал, Нобельдің бір күндік жалақысы – 4 миллион франкті құраған. Ондай ақшаға той жасау былай тұрсын, өмір бойы жұмыс істемей-ақ қоюға әбден болады.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу