Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды

09.12.2014
Елбасы әдебиет пен өнер саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығын беру туралы Жарлыққа қол қойды

Ол бойынша:

1) Қажығали Мұханбетқалиұлына, жазушы - «Тар кезең» тарихи романы үшін;

2) Гүлнар Сейітжанқызы Салықбаеваға, ақын - «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы үшін;

3) Пантелей Константинович Кесоглуге, әнші - «Песня - душа моя» жеке концерті үшін;

4) Балнұр Балғабекқызы Қыдырбекке, композитор - «Реквием» вокалды-симфониялық шығармасы үшін;

5) Авторлар ұжымына: Асқар Исабекұлы Мырзахметовке, Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаевқа, Насир Ачилович Рустамовқа, Әмірхан Бекжанұлы Шүменовке, Нұрлыжан Маратбекұлы Бөкебаевқа - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені үшін.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу