Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Жусан» балеті қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Жусан» балеті қойылады

08.12.2014
Тәуелсіздік күніне орай Астанада «Жусан» балеті қойылады

Спектакль либреттосының негізін Бақыт Қайырбековтің жыр жолдары құрады. Қойылым - жас хореограф Мукарам Авахридің еңбегі.

Балетті қою жұмысына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, профессор Алила Әлішева, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Айгүл Тати, Удмурт Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Николай Маркелов, педагог-репетитор Зауре Үмбетқұлова атсалысты.

Көрермендер қойылымды 10 және 11 желтоқсанда «Астана Опера» сахнасынан тамашалай алады.

Хабарламаларға жазылу