Елордада дін мәселелері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада дін мәселелері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді

05.12.2014
Елордада дін мәселелері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді

Астанада Дін істері басқармасы жанынан «Сенім телефоны» қызметі (78-22-88) өз жұмысын бастады. «Сенім телефоны» халыққа телефон арқылы дін мен деструктивті діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жедел анонимдік психологиялық көмек көрсетеді.

Осы күнге дейін «Сенім телефонына» 200 астам қоңырау келіп түскен. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлайды.

Айта кетейік, Дін істері басқармасының хабарлауынша, бүгінде қалада 14 конфессиядан тұратын 49 діни бірлестік пен 25 діни ғимарат бар. Сондай-ақ, «Медресе Астана» - рухани білім беру мекемесі жұмыс істейді. Діни әдебиет тарататын 8 арнайы стационарлық орын бекітілген.

Хабарламаларға жазылу