«Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша «Қара шаңырақ» телехикаясы марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша «Қара шаңырақ» телехикаясы марапатталды

05.12.2014
«Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша «Қара шаңырақ» телехикаясы марапатталды

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2013/2014 телевизиялық маусымының жыл үздіктерін анықтады. «Жыл таңдауы» байқауында «Көрермендер көзайымы» аталымы бойынша «Қара шаңырақ» телехикаясы марапатталды. Телехикая ұжымына марапатты  «Қазақстан» РТРК» АҚ  Басқарма төрағасы Нұржан Мұхамеджанова  табыстады.

Телехикаяда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Әділ Ахметов, Дәурен Серғазин, Саят Мерекеұлы, Ғайникамал Байқошқарова, Әсел Қалиевалар сомдаған. Фильм режиссер Ақан Сатаевтың 2009 жылы жарыққа шыққан «Ағайынды» фильмінің жалғасы.

Телехикая желісі үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кенжесі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады.

«Қара шаңырақ» телехикаясының  түсірілімі Алматы, Астана, Көкшетау және Қарағанды қалаларында өткен. Туындының  сәтті шығуы үшін танымал режиссерлік топ жұмыс істеген.

Хабарламаларға жазылу