Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Франция Республикасының Президенті Франсуа Олланд мәлім етті.
2008 жылы екі ел арасында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылғанын еске салып өткен Франция басшысы: «Атап айтқанда, франциялық инвестициялардың Қазақстанда тұрақты өсімі байқалуда. Менімен бірге министрліктердің, парламенттің, кәсіпорындардың, университеттердің өкілдері қамтылған үлкен делегацияның келуі Францияның Орталық Азиядағы ірі экономикасы бар Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуда қызығушылығы мол екендігін байқатады», - деді.
Осы орайда ол Қазақстан экономикалық әлеуетін табысты жүзеге асырғанын, сонымен қатар еліміз әлемде маңызды саяси және дипломатиялық рөлді атқарып отырғандығын, Қазақстан ірі саяси оқиғаларға ықпал етуге қауқарлы екендігін қадап айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.