Таразда қазақ ертегілерінің кейіпкерлері үлгісіндегі ойыншықтар шығарылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда қазақ ертегілерінің кейіпкерлері үлгісіндегі ойыншықтар шығарылмақ

04.12.2014
Таразда қазақ ертегілерінің кейіпкерлері үлгісіндегі ойыншықтар шығарылмақ

Таразда «KZ element» дизайнерлік студиясы ұлттық үлгідегі кәдесыйларды шығаруда.

«Atameken StartUp» бизнес-идеялар байқауына қатысқан студия басшысы Әлия Нұржігітова алғашқыда бұл жобаны білім мекемесінде іске асырып, кейіннен өз бизнесін тіркеп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«KZ element» студиясы корпоративтік сыйлықтар, қуыршақтар жасап шығарады. Мұнда бастысы - ұлттық сарынға ерекше назар аударылған. Дайындаған өнімдері жоғары сапалы, әрі бағасы қолжетімді. 

«Бізді ойыншықтар нарығы қызықтырады. Оған талдау жасап, қазақстандық нарықтың шетелдік тауарға толы екенін, балаларымыздың туған халқының дәстүрімен, мәдениетімен қарым-қатынасының жоқтығын тұжырымдадық. Қазақстанда шығарылатын жұмсақ ойыншықтар жоқтың қасы. Алдағы жылдың наурыз айына қарай біз қазақ ертегілері мен мультфильмдерінен алынған кейіпкерлер үлгісіндегі қазақстандық ойыншықтарды шығармақпыз», - дейді Ә.Нұржігітова. 

Хабарламаларға жазылу