Кейбір отбасылар бұған медициналық себептермен амалдың жоқтығынан жүгінеді.
«Бұл жерде екі жол бар. Біріншісі, суррогат ана қызметін бала көре алмай отырған отбасының өз жақын туысқанының ақысыз атқарып беруі. Екіншісі, өзге әйелге ақылы негізде жүгіну», дейді эмбриолог-ғалым Салтанат Байқошқарова.
«Құрсақ ана» қызметін атқарушыға қойылатын талаптар да аз емес. Әйелдің денсаулығынан бастап, оның өмір сүру стилі, ортасы, дүниетанымы үлкен рөл атқарады.
Өзгенің баласын тоғыз ай, тоғыз күн көтерген сондай жандардың бірі бүгін «Әйел бақыты» ток-шоуында сырымен бөліспек.
Бүгін, 15:04-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.