Таразда алғаш рет Шерхан Мұртаза оқулары өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда алғаш рет Шерхан Мұртаза оқулары өтті

03.12.2014
Таразда алғаш рет Шерхан Мұртаза оқулары өтті

Таразда «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен, алғаш рет қалалық Шерхан Мұртаза оқулары өтті. Байқау 3 бағыт бойынша ұйымдастырылған.

Біріншісі – «Кесек тұлға, кенен дарын» деп аталады. Екінші бағыт – мәнерлеп оқу. Ал үшінші бөлім бойынша, қатысушылар «Менің Шерағам» тақырыбында өз шығармашылығымен таныстыру қажет.

Байқау туралы  толығырақ «Таңшолпан» сюжетінен көріңіз.

Айта кетейік, «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы Тараз қаласында орналасқан. Мәдени ошақ  2009 жылдан бері жұмыс істейді. Орталықтың басты мақсаты – Шерхан Мұртазаның мұрағаттық материалдарын сұрыптап, шығармашылық зертханасын жан-жақты зерттеу. Сондай-ақ, оның жазушылық шеберлігін, қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау.

 

 

Хабарламаларға жазылу