Санкт-Петербургтағы Эрмитажға кіру тегін болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Санкт-Петербургтағы Эрмитажға кіру тегін болмақ

02.12.2014
Санкт-Петербургтағы Эрмитажға кіру тегін болмақ

Әлемдегі әрі Ресейдегі ірі мәдени-тарихи мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы Эрмитаждың 250 жылдығына орай, оған тегін кіруге болады.

Бұл туралы мұражай директоры Михаил Пиотровский айтты, деп хабарлады Интерфакс.

10 желтоқсанда Эрмитажға кіру тегін болмақ. Сондай-ақ, Пиотровский желтоқсанның әр бейсенбісінде Бас штабтың шығыс қанатына да кіру тегін болмақ.

Мұражай директорының айтуынша,  мерейтой 7-9 желтоқсан аралығында өтеді.

Сондай-ақ, желтоқсанның 6-да Эрмитаждың мерейтойын мерекелеу аясында «Тарих балы» 3D қойылымы ұсынылады.

Сурет: www.peterburg.biz

Хабарламаларға жазылу