Павлодар қаласының бір бөлігіне жылу беру азайтылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласының бір бөлігіне жылу беру азайтылады

02.12.2014
Павлодар қаласының бір бөлігіне жылу беру азайтылады

Павлодарлық энергетиктер желтоқсанның 2-сі күні облыс орталығының солтүстік аумағына берілетін жылу мөлшері азаятынын ескертеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz «Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Асқар Шөмшековке сілтеме жасап.

«2 желтоқсан күні «Павлодар жылу желілері» ЖШС ЖМ-21 жылу магистралындағы ақауларды жою жұмыстарына кіріседі. Аталмыш магистраль арқылы 2-ЖЭС-нан Павлодар қаласына жылу беріледі. Жөндеу жұмыстарына байланысты Павлодар қаласының солтүстік бөлігіне жылу беру параметрлері азаяды. Алдын ала болжам бойынша бұл іске бір тәуліктен астам уақыт қажет. Бұл жағдайды бұзылған жылу трассасының бір бөлігінің теміржолдардың астында орналасқаны қиындата түседі. Сол себепті жөндеуді ұйымдастыруда қосымша қолайсыздықтар туындауы мүмкін», - дейді А.Шөмшеков.

«28 қарашада №21 жылу магистралі тірегіндегі құйманың қуыс болып қалған жерін анықтадық. Алдағы демалыс күндері мен ауа райының қолайсыздығын ескеріп, аталмыш учаскедегі жөндеу жұмыстарын 2 желтоқсанда жүргізуді шештік. Жұмыстарды бірнеше бригада тәулік бойы атқарады. Үшінші желтоқсанда жылу беру режимі қалпына келтіріледі», - дейді «Павлодар жылу желілері» ЖШС-нің бас инженері Вадим Ковальчук.

Жылу берушілер қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздық тудырғандары үшін кешірім сұрайды. Айта кетерлігі, жылу беру азайтылған уақытқа қала бөлігінің сол ауданының тұрғындарынан жылуға төлем алынбайды.

Хабарламаларға жазылу