Мерейтойлық медаль берілген қоғам қайраткерлері арасында «Нұр Отан» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Айзада Құрманова, ҚР Журналистер одағы филиалының төрағасы, жазушы-журналист Дмитрий Поминов, Павлодар облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Бауыржан Қапенов, «Невада-Семей» қозғалысы Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Юрий Павленко, қозғалыс ардагері Валерий Стаховский бар.
«Барлығымыз бірге ғаламшарды ядролық қарусыздандыру ортақ ісіне маңызды қадам жасаймыз, деп сенемін. Біз, қазақстандықтар, әлем үшін маңызды істе үлгі боламыз», - деді Олжас Сүлейменов халықаралық қозғалыстың құрылуына 25 жыл толуына байланысты өткен жиында.
pavlodarnews.kz