Жетiсу ғана емес, Алтай, Ертiс, Тарбағатай, Iле өңiрiне де кең тамырын жайған күйшi, ұлы мектептiң басында тұрған iрi тұлғалардың бiрi Қожеке Назарұлы 1823 жылы жер жаннаты Жетiсудың төрi – Қарқара жайлауында дүниеге келген. Қожеке күйлерінің көбі өмірбаяндық негізде шығарылған. Осы орайдан оның тұрғысы Құрманғазының тағдыры мен шығармашылығын елестетеді.
Қожеке күйiнiң ұзын саны 200-ден асады. Олардың тақырыптық, мазмұндық ерекшелiктерiне қарай бiрнеше топқа бөлуге болады:
Тарихи оқиғаларға қатысты (автобиографиялық) күйлерi: «Қолға алынар алдында», «Кертолғау», «Түрмеде қинау», «Қинау», «Шалқайма», «Арман», «Тарту» т.б.
Салт-дәстүр шеңберінде туған күйлер: «Арыздасу», «Естірту», «Тоқтарым», «Арман», «Нұрқаны жоқтау», т.б.
Табиғат тыныс-тiршiлiгiне қатысты күйлерi: «Сайрамкөл», «Бұлбұл торғай», «Нұрғазарын бұлбұл», «Сарбарпы бұлбұл» т.б.
Ежелгi жыр, аңыз, шежiре, ертегi сюжетiмен құрылған күйлерi: «Мұңлық–Зарлық», «Қамбархан», «Жиренше», «Жиреншенiң Қарашашты жоқтауы», т.б.
Қожеке Назарұлының шығармашылығы туралы толығырақ бүгін 13.30-да «Телқоңыр» бағдарламасынан біле аласыздар.