Қазақстанға ресми сапармен Франция президенті Франсуа Олланд келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға ресми сапармен Франция президенті Франсуа Олланд келеді

26.11.2014
Қазақстанға  ресми сапармен Франция президенті Франсуа Олланд келеді

1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар аясында Елбасының қатысуымен Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рәсімі өтеді.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті сол күні жаңажылдық бас шыршаның шырағын жағу рәсіміне қатысады, деп күтілуде.

2 желтоқсанға Мемлекет басшысының Түркіменстанға ресми сапары жоспарланған. Оның аясында сол елдің басшылығымен келіссөздер өтеді.

3 желтоқсанда Елбасы Қазақстан, Түркіменстан және Иран аумағы арқылы өтетін «Өзен-Берекет-Гөрган» халықаралық теміржол магистралінің ашылуына қатысады. Бұл теміржол аталған елдердің аумағы арқылы ең қысқа жолмен жүк тасымалын қамтамасыз ететді.

5 желтоқсанда Франция Республикасының президенті Франсуа Олланд ресми сапармен Қазақстанға келеді.

Екіжақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланады.

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу