Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын сот залында босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын сот залында босатылды

26.11.2014
Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын сот залында босатылды

Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынның ісіне қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Сот қызмет бабын теріс пайдалып, алаяқтық істер арқылы 1,6 миллион теңгені жымқырды деген айыппен Ерлан Арынды кінәлі деп тапты. Ол 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, сот өкімі бойынша экс-әкім «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айырылды.

Хабарламаларға жазылу