Мәскеуде Қазақстан мен Ресей жазушылары кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Қазақстан мен Ресей жазушылары кездеседі

25.11.2014
Мәскеуде  Қазақстан мен Ресей жазушылары кездеседі

25-26 қазан күндері Мәскеуде «Литературная газета» басылымының ұсынысы бойынша және Қазақстан Республикасының РФ –дағы Елшілігінің қолдауымен Қазақстан мен Ресейдің зиялы қауым өкілдері бас қоспақ. Бұл КСРО ыдырағаннан бергі ұйымдастырылып отырған алғашқы кездесу.

Шараның негізгі мақсаты – заманауи әдебиеттің жаңа бағыттары, дамуы туралы ой қозғау, дәстүрлі шығармашылық байланыс орнату.

Қазақстан тарапынан Олжас Сүлейменов, Нұрлан Оразалин, Бақытжан Қанапьянов, Роллан Сүлейменов, Анатолий Ким және басқалар барды.

Ал, ресейлік қаламгерлер қатарында Юрий Поляков, Николай Анастасьев, Лев Аннинский, Юрий Козлов, Владимир Артемов бар.

Шара дөңгелек үстел форматында «XXI ғасырдағы Еуразия кеңістігіндегі әдеби-көркем үдеріс» және «Еуразиялық әдеби кеңістік» тақырыптарында өтпек.

Хабарламаларға жазылу