Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар пәтерге ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар пәтерге ие болды

25.11.2014
Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен отбасылар пәтерге ие болды

Тұрғындарға жаңа пәтердің кілттерін Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қадірхан Отаров табыстады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәлімдемесіне сәйкес, бүгінгі таңда жапа шеккен 209  отбасының  ішінен 119 отбасы пәтерге ие болды.

Сондай-ақ, желтоқсан айының соңында тағы екі 45 пәтерлі баспананы тапсыру жоспарланған.

Төтенше жағдайды жоюға республикалық және облыстық  бюджет есебінен 2 миллиард 169 миллион теңге бөлінген.

Бөлінген қаржыны игеру 99,4 пайызды құрады.

Ол медициналық  оқу орны  жатақханасының жөнделуі мен 45 пәтерлі үйдің құрылысына, аулалардың абаттандырылуына, жол-көлік жүйесінің жөнделуіне, мектепті инженерлік қалпына келтіру жұмыстарына бағытталды. 

Хабарламаларға жазылу