«Сен – куәгерсің» акциясына қатысып, сүйікті актеріңізбен кездесіңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сен – куәгерсің» акциясына қатысып, сүйікті актеріңізбен кездесіңіз

25.11.2014
«Сен – куәгерсің» акциясына қатысып, сүйікті актеріңізбен кездесіңіз

Қазіргі жастардың өмірін көрсететін телехикаяның түсірілімі жалғасып жатыр. Енді көрермендер осы түсірілімге қатысып, сүйікті актерлерімен кездесе алады. Ұйымдастырушылар «Сен – куәгерсің» акциясын бастап кетті. Яғни, көрермен кез келген әлеуметтік желі арқылы «Көркемфильм» парақшасына кіріп, сұрақтарға жауап беруі керек.

«Мұнда қойылатын негізгі сұрақтар өзіміздің актерлерге қатысты, әрине. Мысалы, олар немен айналысады, деген сияқты. Осы түсірілімге қатысты әр түрлі сұрақ бар. Егер көрермен әлеуметтік желілердегі барлық сұрақтарға дұрыс жауап берсе, осы түсірілім алаңына келе алады», дейді актриса Әдемі Сүлеймен.

Көрермендер 19 қарашадан бастап сұрақтарға жауап беруге кірісіп кеткен.  Ал, жеңімпаздар 5 желтоқсанда «Жастар» телехикаясының соңғы бөлімін түсіру сәтін тамашалайды.  32 бөлімнен тұратын телетоптама төрт құрбының басынан өткен қызықты оқиғаларды баяндайды.

Актриса Гүлназ Жоламан телехикаяда Зеренің рөлін сомдайды. «Менің кейіпкерім зерек, сабақтан бас алмайтын, басқа құрбыларына қарағанда, білімпаз, ауылдан келген қарапайым қыз. Телехикаямыз өте қызықты»,-дейді ол.

Комедия жанрындағы түсірілім алаңын, декорациясын, актерлердің шеберлігін өз көзіңізбен көргіңіз келсе, әлеуметтік желідегі сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ойынға қатысыңыз.

Толық ақпарат - «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу