Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов Қазақстанға ресми сапармен келді. Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ислам Каримовпен кездеседі.
Кездесу барысында екі ел мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы өзбекстандық-қазақстандық ынтымақтастықтың ары қарай дамуын талқылап, өңірлік және халықаралық сипаттағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.