Елбасы РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады

24.11.2014
Елбасы РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады

Елбасы Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасының төрағасы Сергей Нарышкинді қабылдады.

Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі жолдары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.

«Сауда жөнінен белгілі бір қиындықтар бар. Өйткені, елдеріміздің  импорттық және экспорттық тауарлары құнының төмендеуі байқалуда. Соған қарамастан, нақты көлем ұлғайып, интеграциялық үдерістер нығайып келеді, бірлескен кәсіпорындар ашылуда.

Осының барлығы екі ел ықпалдастығының біртіндеп дамып келе жатқандығын білдіреді», – деді Қазақстан Президенті.

С.Нарышкин Астанаға «Президент. Парламент. Интеграция» атты конференцияға қатысу үшін келгенін айтты.

«Бұл – елдеріміздің қазіргі негізгі бағдары, біздің болашағымыз. Мұның Сіздің идеяңыз екенін, 1994 жылы ММУ-де оқыған дәрісіңіз кезінде ТМД елдерінің нақ осындай геосаяси жолын Сіздің белгілеп бергеніңізді біз ұмытпаймыз және бағалаймыз», – деді РФ Мемлекеттік Думасының төрағасы.

Сонымен қатар, тараптар екі елдің заң шығарушылары арасындағы диалогты одан әрі дамыту қажеттігіне тоқталды. 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу