Брэд Питт фантастикалық триллерде ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брэд Питт фантастикалық триллерде ойнайды

24.11.2014
Брэд Питт фантастикалық триллерде ойнайды

Әйгілі Голливуд актері Брэд Питт «Альфа» атты фантастикалық триллерде ойнайды.

Туынды жазушы Дэниел Уилсонның «Robopocalypse» шығармасының негізінде түсіріледі. Оны Стивен Спилберг экранизацияламақ. Әзірге картина туралы толық ақпарат жоқ.

Қоюшы режиссері - Энтони Скотт Бернс. Картинаны Plan B студиясы түсіреді.

Айта кетейік, Брэд Питт - аталмыш студияның қожайындарының бірі. Биыл актердің қатысуымен «Қаһар» фильмі көрермендерге жол тартты. Ал, 2015 жылы Брэд Питт пен оның жұбайы Анджелина Джолидің сомдауында «Теңіз жағасында» («By the sea») драмасы жарыққа шығады.

Хабарламаларға жазылу