Бұл туралы бүгін БҰҰ халықты шоғырландыру саласындағы Қорының Орталық Азия елдеріне арналған субаймақтық кеңсесінің директоры Николай Ботев мәлімдеді.
«Жастар – кез келген мемлекет үшін әлеуметтік-экономикалық дамудың ең маңызды әлеуеті.
Сәйкесінше, жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау, олардың мүдделеріне назар аудару, құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету болашақты айқындай түседі», деді Кеңес директоры.
Бүгінгі баспасөз мәслихатына Алматы қаласының бірқатар алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысып, жастардың болашағына қатысты түрлі тақырыптарда пікірталастар жүргізді.
Сондай-ақ, бүгін БҰҰ халықты шоғырландыру саласындағы Қорының (ЮНФПА) биылғы дәстүрлі баяндамасы шықты.
Ол «1,8 миллиардтың қуаты: жасөспірімдер, жастар және болашақты өзгерту» деп аталады.
Айта кетелік, баяндамаға сәйкес, Қазақстан халқының 20 пайызын жасөспірімдер мен жастар (15-25 жас) құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.