«Эко-Даму» бағдарламасының мақсаты - Қазақстан Республикасының 27 ерекше қорғалатын табиғи аймақтарына және «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының айналасында орналасқан елді мекендерге шағын несие беруге жәрдемдесу.
Жаңа бағдарламаны іске асыруға қазіргі кездегі 10 қорықтың, 12 ұлттық парктің және 5 табиғи резерваттың, жоспарланып отырған бір «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының айналасында орналасқан елді мекендер қатысатын болады.
Зайымның көлемі - 100-ден бастап 5400-ге дейінгі АЕК, сыйақы мөлшерлемесі -жылдық 4 пайыз, тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 4,3 пайыздан артық емес, несие беру мерзімі - 4,5 жыл, қамтамасыз ету - қордың кепілдік саясатына сәйкес, деп хабарлайды strategy2050.kz.