«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуына – 1 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуына – 1 жыл

18.11.2014
«Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуына – 1 жыл

19 қараша күні Алматыда  «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуының бір жылдығына орай шара өтеді.

«Түнгі Студияда Нұрлан Қоянбаев» – еліміздегі рейтингі жоғары «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан эфирге шығатын, көрерменнің көзайымына айналған шоу-бағдарлама.

АҚШ-тың «Late Night Show» жобасы, Ұлыбританиялық «The Graham Norton Show» және Ресейдің «Вечерний Ургант» жобасының желісі (аналогы) саналатын отандық бағдарламаға  1 жыл толды.

Бұл жобаның өзге бағдарламалардан ерекшелігі –  қонақ пен жүргізуші арасында кез-келген тақырып бойынша еркін әңгіме өрбиді. Бағдарламаны жанды дауыста әрлейтін имидж топ жұмыс жасайды. Арнайы айдарлары кеш қонағына көтеріңкі  көңіл-күй сыйлап, тосын сыйлармен таң қалдырады.

Бұл жоба Ұлттық арна эфиріне жаңаша бағыт пен жаңалық алып  келген, 1 жылда өзінің көрерменін таба білген бағдарламаға айналды. Осы жыл ішінде 200-ден астам отандық және шетел жұлдыздары кеш қонағы болып, өздерін жоба арқылы жаңаша қырларынан таныта білді.

 «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» ток-шоуы  бір жылды студияға келген қонақтарына арнап туған күн кешін өткізбек. Кешке отандық және шетел жұлдыздары қатысады. Аталмыш кеш еркін форматта «Party» жанрында өтеді. Қонаққа 150-ден астам түрлі саланың тұлғалары келеді деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу