Астанада жыл соңына дейін 5 балабақшаның құрылысы аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жыл соңына дейін 5 балабақшаның құрылысы аяқталады

17.11.2014
Астанада жыл соңына дейін 5 балабақшаның құрылысы аяқталады

2014 жылы Алматы ауданында жеті балабақша жөнделіп, абаттандырылды.

Бұл туралы қалалық мәслихатта өткен комиссия отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Жүсіпова мәлімдеді.

Сонымен қатар, қазіргі кезде Алматы және Ақмешіт көшелерінің қиылысында 240 орындық балабақшаның құрылысы аяқталды.

 Жыл соңына дейін жалпы 1260 орынға есептелген бес балабақша мен бір қосымша ғимаратты пайдалануға беру жоспарлануда.

Бұдан басқа, 1960 орынға есептелген сегіз балабақшаны салу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің  баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу