«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жанкүйерлеріне екі автокөлік табыс етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жанкүйерлеріне екі автокөлік табыс етілді

14.11.2014
«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жанкүйерлеріне екі автокөлік табыс етілді

«Әлем Барысы» халықаралық турнирінің жанкүйерлеріне «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры екі автокөлік табыс етті, деп жазады pavlodarnews.kz.

25 қазанда Павлодар қаласында қазақ күресінен тұңғыш рет «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде көрермендер арасында автокөлік ойнатылған еді. Ойын барысында баспаның қателесуімен ұтыс иелерінің билеттерінің номері бірдей болып шығуына байланысты турнирді ұйымдастырушылар жүлдегерді бөліп жармай, екеуіне де автокөлік сыйлады.

Павлодарлық жүлдегерлер Ғаділжан Каримов пен Әсемгүл Мусина «Nissan Almera» автокөлігінің кілтіне ие болды.

Хабарламаларға жазылу