«Нұр Отан» фракциясы бюджет қаражатын бақылау комиссиясын құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» фракциясы бюджет қаражатын бақылау комиссиясын құрды

14.11.2014
«Нұр Отан» фракциясы бюджет қаражатын бақылау комиссиясын құрды

Мұндай шешім барлық деңгейдегі бюджет қаражатын жұмсауда қатаң партиялық бақылауды орнатуға қатысты Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауында нұротандықтарға берген тапсырмасын іске асыру мақсатында қабылданды.

Комиссия «Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту», «ТКШ инфрақұрылымын, су және жылумен қамуды жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту», «Индустриялды, энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мен шағын және орта кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділікті қолдау», «Көлік-тасымал инфрақұрылымын дамыту» бағыттары бойынша құрылды.

Қрылған комиссиялар «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетімен тығыз байланыста болмақ, деп хабарлайды strategy2050.kz.

 

Хабарламаларға жазылу